Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 20 желтоқсан: Атаулы күндер мен оқиғалар

20 желтоқсан: Атаулы күндер мен оқиғалар

Адамдар ынтымақтастығының халықаралық күні
Кедейшілікті жоюмен күрес жөніндегі БҰҰ-ның бірінші онжылдығы шеңберінде 2005 жылғы желтоқсанның 22-інде Бас Ассамблея жыл сайын «20 желтоқсан - Адамдар ынтымақтастығының халықаралық күні» деп шешім шығарды. Бұл шешімді қабылдау кезінде Бас Ассамблея Мыңжылдықтар декларациясында ынтымақтастық XXI ғасырдағы халықаралық қатынастар негізі болып табылатын түпкілікті және салалы құндылық деп танылғанын еске салды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фельдъегер қызметі күні
Қазақстан мемлекеттік фельдъегер қызметі 1991 жылы желтоқсанның соңында Министрлер кабинетінің қаулысымен құрылды. Ол жоғары мемлекеттік билік органдары мен мемлекеттік басқару, үкіметтік мекемелер мен жоғары әскери қолбасшылық арасындағы фельдъегерлік байланысты қамтамасыз етеді. Осы қызметтің қызметкерлері маңызды құпия құжаттарды жоғары мемлекеттік билік органдарына жеткізумен айналысады.
1928 жылы Қазақ КСР Орталық атқару комитеті латын әліпбиіне көшу туралы қаулы қабылдады.

1954 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесі президиумының жарлығымен Үлкен Жезқазған жұмысшы кенті Жезқазған қаласы болып ауыстырылды.

1970 жылы Сұлтан Қожықовтың қазақтың ұлттық кинематографиясы алтын қорының мұрасына айналған әйгілі кинотуындысы «Қыз Жібек» экранға шықты. Фильм кезінде бір-бірімен жауласқан қазақ тайпаларынан шыққан жігіт пен қыздың трагедиялық махаббаты жөніндегі қазақ халық эпосына негізделген. Туынды көпшілік қауымның көзайымы, нағыз халық киносына айналды және әлемнің 70-тен астам елінде көрсетілді. Туындының басты рөлдеріндегі Төлеген мен Қыз Жібектің рөлдері сол уақытта небәрі 17-ге толған жас актерлер Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешоваға бұйырды. Фильм Жаркентте түсірілді. Қазақтың ең танымал фильмдерінің бірін шығарғаны үшін режиссер Сұлтан Қожықов Қазақ КСР-нің Мемлекеттік сыйлығын иеленді. Үздік кинотуындының сценариін жазған Ғабит Мүсірепов болатын.

1991 жылы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңы қабылданды.

2016 жылы ҚР Ұлттық банкі 100 теңгелік «Монета - сыйлыққа» сериясынан «Туған күніңмен», 500 теңгелік «Жүректен жүрекке» сериясынан «Махаббат» және 50 теңгелік «Қазақстан қалалары» сериясынан «Петропавл» ескерткіш күміс монеталарын қолданысқа енгізді.

2017 жылы Деде Коркут атындағы халықаралық пьесалар конкурсында қазақстандық жазушы Ахметжан Әшірі «Шарбақ» әңгімесі үшін бірінші сыйлық алды. Марапаттау рәсімі ТҮРКСОЙ Бас хатшылығында өтті.
20 желтоқсан 2019 ж. 310 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области