Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елімізде көлік қаққан жабайы елікті құтқару үшін дәрігерлер жанталасып жатыр

Елімізде көлік қаққан жабайы елікті құтқару үшін дәрігерлер жанталасып жатыр

Kyzylorda-news.kz.  Өскеменде көлік қағып кеткен елікті құтқарып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оқиға 1-2 күн бұрын облыс орталығындағы көшелердің бірінде болған. Жараланған жануар ветеринарлық емханаға жеткізіліп, оған ота жасалды.
«Қазіргі уақытта елік стационарлық бөлімшеде дәрігерлердің бақылауында. Ауыр жарақаттардан бөлек, жануар бірнеше күн бойы аш жүрген. Аш қалған шөпқоректілердің іші шаншып ауырады, олар үшін бұл өте қауіпті», - деп хабарлады ветеринарлық емханадағылар.
Айта кетейік, жергілікті белсенді Сергей Бердников жабайы елікті қорғауға арналған акция жариялады. Оған еліктің өміріне бей-жай қарамайтын азаматтар қолдау білдіріп, емдеуге қазірдің өзінде 250 мың теңге жинады.
Қазір жануарға керек-жарақтың бәрі бар. Еліктің тез жазылып кетуі үшін оны жеміс-жидектермен қоректендіріп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Өскемен қаласының тұрғындары көшеде жүгіріп жүрген жабайы елікті байқаған.
20 желтоқсан 2019 ж. 292 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области