Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордадағы «Q-MED» клиникасының жаңа орталығы ашылды (ФОТО)

Қызылордадағы «Q-MED» клиникасының жаңа орталығы ашылды (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Облыс әкімі Қ.Ысқақов «Q-med» емдеу мекемесінің жаңа орталығының ашылу салтанатына қатысты.«Q-MED» медициналық орталығы 2016 жылдың мамыр айында Новосибирск қаласындағы Ашот Папикович Хачатрянның «Халықаралық Денсаулық Академиясы» клиникасының аналогы бойынша ашылған. 2018 жылдың қаңтарынан бастап атауы «Q-MED» Медициналық Орталығы болып өзгерген.
Аталмыш емдеу мекемесінде ересектер мен балаларға бірегей емдеу-сауықтыру бағдарламалары қолданылады. Орталық ем алушылардың иммунитетін табиғи қалпына келтіруге негізделген бағдарлама арқылы жұмыс істейді. Соңғы төрт жылдың ішінде орталықта 4600 адам кеңес алып, 3600 науқас кешенді емдеуден өткен.
Орталықтың ашылуымен құттықтаған аймақ басшысы қажетті кеңес пен дертіне шипа іздеген азаматтарға қызметін ұсынып отырған емдеу мекемесінің жұмысына сәттілік тіледі.
«Бірінші байлық – денсаулық» дейді халқымыз. Ұлт пен ұрпақ саулығын алдыңғы орынға қойған мемлекетімізде медицина саласына барынша қолдау жасалған. Облыс бюджетінің де басым бөлігі денсаулық сақтау саласына жұмсалады. Бүгінде халыққа сапалы қызметін ұсынатын жеке клиникалар да көбейіп келеді. Соның бір дәлелі "Q-MED" медициналық орталығы екінші жаңа ғимаратының ашылуы. Бұл бастаманың тек медицина жағынан ғана емес, әлеуметтік жағынан да тиімділігін айту керек. Яғни, орталық бүгінгі күні 25 адамды жұмысқа тартса, оның ішінде жастар практикасымен келіп орналасқан 14 жас маман және 4 мүмкіндігі шектеулі азаматты тұрақты жұмыспен қамтуда. Сонымен қатар, өңірдегі мемлекеттік және жеке медициналық колледждер студенттері практикадан осы орталықта өтуде» -, деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.


23 желтоқсан 2019 ж. 206 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области