Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: РАУШАН БАЗАРБАЙ

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: РАУШАН БАЗАРБАЙ


Раушан Базарбай есімі Қызылорда халқына кеңінен таныс. Қоғам белсендісі ретінде танылған ол «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңіне Қызылорда облысынан қатысып отырған үміткер. «Сана-Сезім» ЖШС, «Q-med» корпоративтік қорының атқарушы директоры болып қызмет атқаратын Раушан Базарбай дертіне шипа іздеп келген жандарға көмектеседі. Оның «Q-med» медициналық орталығы емделушілерге кешенді әрі әмбебап бағдарлама бойынша эндоэкологиялық ем жүргізеді.
Раушан Базарбай 1978 жылы 9 қарашада Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген. Ол 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде әлеуметтану, 2007 жылы Қызылорда «Болашақ» университетінде жергілікті және мемлекеттік басқару мамандығы бойынша білім алған. Раушан Базарбай әр жылдары үкіметтік емес ұйымдарда еңбек етіп, өзінің азаматтық белсенділігін танытып жүр. Атап айтқанда, «Ақ көгершін» мүгедек балалар мен ата-аналарды оңалту орталығы» қоғамдық қорының атқарушы директоры, «Бәйтерек» жастар қоғамдық бірлестігінің директоры, «Шиелі-Бәйтерек» газетінің редакторы, «Бота» қоғамдық қорының Қызылорда облысы бойынша аймақтық менеджері, Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы әлеуметтік жобалар бойынша тәуелсіз сарапшысы, «Keysourse Kazakhstan» тренинг-консалтингтік орталықтың қоғаммен байланыс менеджері, «Торғай-Петролеум» АҚ-ның PR жобалар бойынша маманы, «ҚОР» мұнай компаниясының «ҚОР шарайнасы» корпоративтік журналының бас редакторы қызметтерін абыройлы атқарған.
Раушан Базарбай басқарып отырған «Q-med» медициналық орталығы емдеу шараларын табиғи шөптермен жүргізеді. Қазіргі таңда Қызылорда облысындағы науқастардың иммунитетін қалпына келтіруге, денсаулық сақтау мен емдеуге бағытталған клиникада балалар мен ересектер емделе алады.
Екі жылдың ішінде орталық 1600 азаматқа кеңес беріп, 898 емделушіні сауықтырған. Олардың ішінде ТМД елдері, Біріккен Араб Әмірлігі, Оңтүстік Корея, Украина, Татарстан, Өзбекстан, Қырғызстан азаматтары бар.
Раушан Базарбай бірнеше Батыс және Еуропа елдерінде қоғамдық азаматтық белсенділікті арттыруға, отбасында балаларды тәрбиелеуге байланысты ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға қатысып, бала тәрбиесі жайлы еңбектер жазған. «Ерекше мүмкіндіктері бар бала: отбасында және қоғамда», «Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс» атты еңбектері көпшілік қызығушылығы мен сұранысына ие болған.
06 қараша 2018 ж. 681 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области