Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордадағы ірі жол апаты: Облыс әкімі зардап шеккендердің жағдайын сұрап барды

Қызылордадағы ірі жол апаты: Облыс әкімі зардап шеккендердің жағдайын сұрап барды

Kyzylorda-news.kz. Облыс әкімі Қ.Ысқақов "Құмкөл-Қызылорда" автожолында орын алған жол көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен азаматтардың жағдайын білу үшін облыстық медициналық орталығы мен қалалық ауруханаға барды.
«Біздің тарапымыздан қажетті көмек көрсетілетін болады. Емдеу шаралары толықтай жасалады. Күш жігерлеріңізді жазылуға жұмсаңыздар. Тез сауығып, отбастарыңызға аман-есен оралуларыңызға тілектеспіз», - деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.
Облыстық көпбейінді ауруханасына 17 азамат түрлі дене жарақатымен жеткізіліп, оның ішінде 6 адам жансақтау бөліміне орналастырылды. 5 адамға қажетті ем шаралары көрсетіліп, үйіне қайтарылған. Қалалық ауруханаға 4 адам жеткізіліп, оның 2 жансақтау бөлімінде. Қазір оларға тиісті медициналық көмек көрсетілуде, қажетті дәрі-дәрмек толығымен қамтамасыз етілген.
Айта кету керек, оқиға орнына дер кезінде төтенше жағдайлар департменті, жол-патрульдік қызметі, медициналық орталық, жедел-жәрдем және санитарлық авиация қызметкерлері мен қажетті техника жұмылдырылды.
04 желтоқсан 2019 ж. 201 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области