Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Нұр-Сұлтандағы жантүршігерлік көлік апаты: Зардап шеккендер саны 27-ге жетті

Нұр-Сұлтандағы жантүршігерлік көлік апаты: Зардап шеккендер саны 27-ге жетті

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі елордадағы жантүршігерлік көлік апатынан қанша адам зардап шеккенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы мәліметтер бойынша 27 адам зардап шекті. Апат салдарынан екі адам көз жұмды, яғни 66 жастағы автобус жүргізушісі мен 26 жастағы автобус жолаушысы. 25 адам көпбейінді № 2 ауруханаға жеткізілді. Соның арасында төртеуінің жағдайы ауыр. 3 адамға операция жасалуда, тағы үшеуі қарқынды терапия бөлімінде», - деді қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева.
№1 қалалық ауруханаға зардап шеккен 1 адам жеткізілді (жедел жәрдем фельдшері). Ол нейрохирургия бөліміне жатқызылды.
Сонымен қатар, Орталық жол ауруханасына тізесін зақымдаған бір адам жеткізілді (жедел жәрдем фельдшері).
Жалпы, оқиға орнына жедел жәрдемнің 22 бригадасы мен Апаттар медицинасы орталығының 1 бригадасы жұмылдырылды.


26 наурыз 2019 ж. 515 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области