Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысының Арал ауданында 75 адам жол апатына ұшырады (ФОТО)

Қызылорда облысының Арал ауданында 75 адам жол апатына ұшырады (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. «Самара-Шымкент» тасжолында Neoplan NK281 TC автобусы Daf жүк көлігімен соқтығысты.
Оқиға Қызылорда облысының Арал ауданындағы Сазды елді мекені тұсында болды. Жол жүру ережесін бұзған автобус жүргізушісі жылдамдықты арттырып, ара қашықтықты сақтамай, жолай кетіп бара жатқан жүк көлігіне соқтығысқан.
Жолаушылар автобусы Ақтөбе-Шымкент бағытында жүріп бара жатқан. Апат салдарынан екі адам жарақат алып, Арал ауданының орталығындағы ауруханаға жеткізілді. Жолаушылар автобусының басым бөлігі Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары. Оларға тиісті көмек көрсетілуде. Жүк көлігінің жүргізушісі дін аман.
Автобуста болған 71 азаматтың 69-ы арнайы жұмылдырылған аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің «Кунг» автокөлігі және 2 автобусымен «Саяхат» жол бойы сервистік қызмет көрсету орталығына жеткізіліп, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Ал, оқиғадан зардап шеккен екі азамат дереу аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда, жарақаттарына байланысты бір азамат жансақтау бөліміне алынса, бірі травматология бөлімшесіне жатқызылды.

03 желтоқсан 2019 ж. 377 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области