Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 27 желтоқсан: Ел тарихында орын алған оқиғалар

27 желтоқсан: Ел тарихында орын алған оқиғалар

1924 жылы Семейде Орыс географиялық қоғамы Абайды еске алу үшін арнайы мәжіліс пен қалалық театрда кеш өткізді. Кеште Мұхтар Әуезов Абай шығармашылығы туралы баяндама жасады.

2005 жылы Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Орталық мұз айдынының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

2005 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламентінің 10 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль бекітілді. Мерейтойлық медаль қазақстандық парламентаризмнің дамуы мен орнығуына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтарын және шетел азаматтарын көтермелеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің 10 жылдығын атап өту мақсатында белгіленген.

2007 жылы Ақтөбеде КСРО халық әртісі, композитор Ғазиза Жұбанованың (1927-1993) ескерткіші ашылды. Ескерткіш оның есімімен аталатын облыстық филармония ғимаратының алдындағы алаңда орнатылды. Жоба авторлары - мүсіншілер, ҚР Суретшілер одағының мүшелері Жәдігер Кенбай, Марат Ғабдырахманов, Ахмет Құбай. Ескерткіштің биіктігі - 4,5 метр.

2010 жылы ҚР Ұлттық банкі «Еркін күрес». Олимпиада ойындары-2012» шақасын айналымға шығарды. Шақаның бет жағының (аверсі) төменгі бөлігінде стадионның стильдендірілген бейнесімен көмкерілген Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, монета дайындалған металды, оның сынамасын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1g» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін «2010» деген сан жазылған. Қыры бедерлі. Шақа 925-ші сынамалы күмістен жасалған, массасы - 31,1 грамм, диаметрі - 38,61мм, «proof» сапасымен дайындалған. Ең көп таралымы - 12 мың дана (3 мың данасы Қазақстанның ішкі нарығы үшін).

2011 жылы ҚР Ұлттық банкі ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған монетаның үздік дизайны бойынша байқауын аяқтады. Үздік идеяларды іздеу және қолдау, ұлттық валюта - теңгенің беделін нығайтуға бағытталған «Менің Қазақстаным» байқауы екі аталым: «Ұлттық тиын» және «Балалар тиыны» тақырыбымен өтті. «Балалар тиыны» аталымында бірінші орынды алматылық Әдемі Хасенова иеленді. Ұлттық банк басшысы Григорий Марченко оған 500 000 теңге көлеміндегі чекты табыстады. «Ұлттық тиын» аталымында байқау комиссиясы бірінші орынды тағайындамау жөнінде шешім қабылдады. Екінші орынды алматылық Қанат Кенжин мен Щучинск қаласынан келген Сабыржан Мақашев өзара бөлісті.
27 желтоқсан 2019 ж. 270 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области