Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 19 мамыр: Ел тарихында орын алған оқиғалар

19 мамыр: Ел тарихында орын алған оқиғалар

1922 жылы Екінші бүкілресейлік комсомол конференциясы жаппай пионер отрядын құру туралы шешім қабылдады.

1995 жылы Алматыда Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен банкнот фабрикасы ашылды. Банкноттық фабрика жалған ақша белгілерінен қорғайтын, көркем және полиграфиялық өнімді жоғары деңгейде орындайтын бірегей жабдықтардан құрылған. Оның меншiктi базасынан номиналы 100, 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттар шығарылған. Қазiр фабрикада банкноталардан басқа төлқұжат, куәлiк, диплом, аттестат, куәлiк қағаз, акциз маркалары сияқты құжаттардың жүзден астам түрлерi шығарылады.

2010 жылы Астанада «Атом энергетикасы және өнеркәсібі» - «Қазатомэкспо-2010» бірінші қазақстандық халықаралық форумы өтті. Форум аясындағы конференцияда қазіргі кездегі атом энергетикасын пайдаланудың әдістемелік-техникалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілері, сондай-ақ жалпы Қазақстандағы атом өнеркәсібін дамыту мәселелері қамтылған. Конференция жұмысына Ұлыбритания, Германия, Қазақстан, Ресей, АҚШ, Украина, Франция, Жапониядан 70-тен астам делегат қатысты. Экспозиция Германия, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Украинаның 40 компаниясын қамтыды.

2011 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттігі мен егемендігін нығайтуға елеулі үлес қосқан ҚР азаматтары мен шетел азаматтарын ынталандыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау мақсатында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі бекітілді.

2014 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа бейбітшілік ісін қамтамасыз етуге және оның гүлденуіне қосқан үлесі үшін «Жібек жолы әлемі» сыйлығы берілді.

2017 жылы Қазақстан киноиндустриясы тарихында алғаш рет 70-ші Канн фестивалінде (Франция) Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды. Қазақстанның алғашқы павильоны Фестивальдар сарайының алдында, Le Village International кинобазарының аумағында орналасты. Павильонның жұмысы бірлесіп кино шығару, ұлттық фильмдерді қаржыландыру үшін әлеуетті серіктестерді тартуға, Қазақстанның киноиндустриясын жаңғырту және туризмді дамытуға жағдай жасады.
19 мамыр 2019 ж. 370 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области