Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада дәрігерлер жетіспейді: №3 емхананың бала күтімінде отырған 11 дәрігері жұмысқа неге шыққысы келмейді?

Қызылордада дәрігерлер жетіспейді: №3 емхананың бала күтімінде отырған 11 дәрігері жұмысқа неге шыққысы келмейді?

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша 151 дәрігер маман жетіспейді. Бұл туралы Өңірлік комуникациялар орталығында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Ысқақов айтты.Өткен жылдың дәл осы кезеңінде аймақта 205 дәрігер маман жетіспейтіндігі анықталған. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 151-ге төмендеді.
«Біз бала күтіміне байланысты демалыста отырған мамандарды есептеп отырған жоқпыз. Ең алдымен аймақтық дәрігерлер жетіспейді. Сыр өңірінде тар буынды мамандардың жеткіліксіздігі орын алуда. Былтырғы жылы реаниматолог дәрігерлер жоқтың қасы болатын. осы мәселені жою мақсатында облыс әкімінің гранты бөлініп, мамандар даярланды. Қазіргі таңда олардың алғашқы легі де өз туған жерлерінде жұмыс жасауда. Нақтырақ айтсақ,  15 реаниматолог дәрігер өз жұмыстарына кірісті», - дейді Олжас Ысқақов.
Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, былтырғы жылдан бастап арнайы бакалавр мамандығы бойынша дәрігерлер оқытылуда. Былтыр 30 адам, биыл 40 адам оқуға түскен.
Сонымен қатар биыл 73 дәрігер маман оқуларын аяқтап, олардың 43-і ауыл-аймаққа жіберілген.
«Қазіргі таңда аудан мен ауылдарда аймақтық дәрігерлер біршама қамтылды. Ауылдардың дәрігерлермен қамтылу көрсеткіш 80 пайыздан жоғары. Ал облыс орталығында дәрігерлердің жетіспеушілігі байқалады», - дейді Олжас Ысқақов.
Дәрігер мамандардың жетіспеушілігін сезініп отырған медициналық ұйымның бірі №3 қалалық емхана. Бұл медициналық ұйымда 37 участке бар болса, онда 20-дан аса жалпы практикалық дәрігер халыққа қызмет көрсетуде.
«№3  емханада 11 дәрігер бала күтімімен үйінде отыр. Олардың жұмысқа шыққысы жоқ. Олар да өз құқықтарын сақтап баланың жанында үш жасқа дейін отыруды ұйғарған. Дәрігерлердің жұмысқа шығуға ынтасының болмауына келушілермен болатын түсініспеушіліктер, олардың тарапынан айтылатын сын ескертпелер әсер етіп отыр. Мен олардың құқығын таптап, орнына басқа маман ала алмаймын», - дейді №3 қалалық емхананың бас дәрігері Гүлстан Мақсұтова.
Орайы келгенде басқарма басшысының орынбасары Олжас Ысқақов та халықтың дәрігерлерге қолдау білдіруі қажет екенін айтып қалды.
«Халықтың бірінші кездесетіні аймақтық дәрігерлер. Сондықтан да сын ескертпелерді де естейтін, келушілерден сөз естейтіндер де сол мамандар», - дейді ол.
№3 емхананың бас дәрігер маман тапшылығын барынша оңтайлы шешіп жатқанын да атап өтті.
«Емханаға келушілер елеусіз қалып, дәрігердің қабылдауына кіре алмай қалып жатқан жоқ. Келушілерден келіп түсетін шағымның басым бөлігі олар үнемі бір дәрігердің қадағалауында болуды қалайды», - дейді Гүлстан Мақсұтова.
Айта кетейік, бұған дейін облыстағы обыр дертінің көрсеткіші туралы хабарлаған болатынбыз.

Динара МАХАНОВА
24 желтоқсан 2019 ж. 363 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области