Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Байқоңырда пробациялық бақылаудағы сотталушылардың құқық бұзуы көбейген

Байқоңырда пробациялық бақылаудағы сотталушылардың құқық бұзуы көбейген

Kyzylorda-news.kz. Биыл Байқоңыр қалалық пробация қызметі бөлімімен пробациялық бақылауға алынған 11 сотталушының жаза өтеу тәртібін орындамағаны үшін  жазалары бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылған. Бұл туралы Байқоңыр қалалық пробация қызметі бөлімі мәлімдеді.Мәселен, Байқоңыр қалалық сотында Қарағанды облысы  Жезқазған қалалық сотының үкімімен Қазақстан Республикасы ҚК-тің 106-бабының 1-бөлігі бойынша 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген сотталушының жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған дерегі қаралған.
«Жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзушылық деп сотталушының пробация қызметіне хабарламай әкімшілік аумақтан шығуы, өзімен тәрбие жұмысын жүргізу үшін және тіркелуге бірнеше рет келмеуі, қылмыстық құқық бұзушылық жасауы, қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасауы танылады. Осыған орай, сотталушының бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Сотпен жүктелген міндеттерді орындау және жаза өтеу шарттарын сақтау әр сотталушының міндеті болып табылады. Егер, бұл талаптар орындалмаған жағдайда, заң талаптарына сәйкес қатаң шаралар қолданылатындығын ескерген жөн», – дейді Байқоңыр қалалық пробация қызметі бөлімінің бастығы, әділет капитаны А.Танбаев.
24 желтоқсан 2019 ж. 291 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области