Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада үй-күйі жоқ 3 адам өрттен құтқарылды

Қызылордада үй-күйі жоқ 3 адам өрттен құтқарылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада өрт сөндірушілер төрт қабатты үйдің жертөлесіндегі өрттен үй-күйсіз жүрген 3 адамды және 19 жастағы тұрғынды құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Аталған оқиға Қызылорда қаласының орталық бөлігінде орын тепкен Әйтеке би көшесі бойындағы төрт қабатты үйдің жертөлесінде болған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жылдам жетті. Онда өрт сөндіру қызметінің 7 маманы мен 2 арнайы автокөлік жұмыс істеді.
«Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы оқиға орнында барлау жұмысын жүргізді. Көпқабатты үйдің астындағы жертөледен үй-күйсіз жүрген 3 адам мен 2000 жылы туған азамат құтқарылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Өрт сөндірушілердің жылдам іс-қимылының нәтижесінде төрт қабатты тұрғын үйге ешқандай залал келген жоқ.
24 желтоқсан 2019 ж. 331 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области