Қызылордада суицид жасамақ болған әйел құтқарылды
Kyzylorda-news.kz. 1 қыркүйекте таңертең «112» бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметіне Желтоқсан көшесі №11 «В» 9-қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы пәтерлердің бірінің терезесінен 1987 жылы туған азаматшаның секірмек болып тұрғандығы туралы хабар түскен.
Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, азаматшаны суицид жасаудан құтқарып қалады. Құтқару жұмысына Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Жедел құтқару жасағының құтқарушылары альпинистік құралдарды пайдаланады. Олар терезе арқылы 4-ші қабаттан төменге түсіп, азаматшаны терезеден пәтерге кіргізеді. Осылайша, өз-өзіне қол жұмсау іс-әрекетінің жолы кесілген.