Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 2020 жылдың 7 басты сәнді тренді

2020 жылдың 7 басты сәнді тренді

Kyzylorda-news.kz. 2019 жыл шалбарлы костюмдерімен, біртұтас (total look) реңдегі киім үлгілерімен, миди ұзындықтағы белдемшелерімен және басқа да трендтермен есте қалды. Ал 2020 жылы қандай киімдер сәнде болады?
1. Клеш джинс шалбар. Келер жылы клеш джинс шалбар алдыңғы қатарда болады. Оның классикалық көк түсті және макси ұзындықтағы түріне мән беріңіз.
2. Total look. Осы мерзімдегі секілді келер жылы да total look сәнде болады. Бастан аяққа дейін бір түсті киім кию ең сәнді үйлесім болып қала береді.
3. 70-жылдар стиліндегі жаға. 2020 жылы жағасы өте ұзын әрі үшкір жейде сәнде болады. Мұндай жейдені жилеттің немесе жемпірдің ішінен киіп, жағасын сыртқа шығарып қоясыз.
4. Ұзын етік. Қонышы ұзын етік – сәннен шыға қоймайтын әрі жылы аяқ киімнің бірі. Егер күзде ұзын етік алмаған болсаңыз, оны қысқы жеңілдікпен алған артық етпейді. Себебі ол келер жылы да сәнде болады.
5. Кең көйлек. Денеге жабыспайтын, ашық түсті oversize көйлектерге мән беріңіз. Оның матасы жеңіл және жұқа түрін алып, алдағы көктемде өзін, ал қазір жемпірдің ішінен кисеңіз болады.
6. Былғары. Соңғы бірнеше мерзім қатарынан былғары сәнді трендтер қатарында келеді. Дизайнерлер келер жылдың көктемінде де былғары сәнде болатынын, тіпті, былғары киімді бастан аяққа дейін киюді де ұсынып отыр. Сондықтан былғары шалбар (немесе белдемше) мен былғары жейдені батыл үйлестіре беріңіз.
7. Бермуд қысқа балақты шалбары. Тізеге дейінгі ұзындықтағы кең балақты шорты кеңсе үлгісіне де, күнделікті киім үлгісіне де келе береді. Оның былғары немесе деним түрін алсаңыз болады.


01 қаңтар 2020 ж. 356 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области