Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТОП-5: Қазақстан 2020 жылы баруға тиісті елдердің қатарына енді

ТОП-5: Қазақстан 2020 жылы баруға тиісті елдердің қатарына енді

Kyzylorda-news.kz. Британдық «Backpacker» қоғамы тәуелсіз және белсенді саяхатты ұнататындар үшін 2020 жылы сапар шегуге тиісті елдердің рейтингісін жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Аталған қоғамның рейтингісіне сәйкес әлемнің түкпір-түкпірінен «adventure tourism» саласының сарапшылары дауыс беру нәтижесі бойынша Қазақстан «must visit» елдердің арасында 5-ші орынға жайғасты. Кең дала, биік таулар мен шөлдер елі деп танылған Қазақстан - Орталық Азияның асыл маржаны» делінген рейтинг сипаттамасында. Рейтинг авторлары Қазақстанда туризм саласын дамытудың жаңа деңгейіне жету үшін бэкпэкерлерге қызықты Үстірт, Бозжыра, Алтай тауы аймақтарын дамытуда қосымша күш салуға кеңес берді», - деп хабарлайды ұлттық компания.
Хабарламада айтылғандай, британдық «Backpacker» қоғамы біздің елден бөлек, саяхаттауға Өзбекстан, Босния мен Герцеговина, Ресей, Эфиопия және Әзербайжан елін ұсынады.
«Рейтингіге ілінген елдердің тізімі жуық арада жарық көріп, онда үздік төрттіке енген елдер туралы мәліметті толық білуге мүмкіндік тумақ. Соңғы деректерге сәйкес, adventure tourism жастар арасында кеңінен дамып, аса танымалдыққа ие болып келеді. Мұндай саяхаттау әлем астаналарын аралауды қол жетімді етіп, жиһангездерге зерттелмеген бағыттарды ашып, бірегей тәжірибе жинақтауға себеп болады», - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, аталған рейтинг 2010 жылдан бері жүргізіліп келеді, ал ұйымдастырушы қоғам оқиғалы-шытырман туризмді дамытуға жағдай жасау мақсатында 2009 жылы құрылған.
01 қаңтар 2020 ж. 225 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области