Бұрқасын, тұман, көктайғақ – бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Kyzylorda-news.kz. Синоптиктердің болжауынша бейсенбіде күні еліміздің кей жерлерінде бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет. Қазақстан территориясының басым бөлігіне Атлант мұхитынан келетін антициклон әсер етеді, жауын-шашын тоқтайды. Тек республиканың солтүстік және шығыс бөліктері әлі де фронталды аймақта болғандықтан кей жерлерде қар жаууы мүмкін. Республиканың кей жерлеріңде тұман, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасындатып, тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, түнде Павлодар облысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Ақтөбе облысында жел тұрып, жылдамдығы 18 м/с жетеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, түнде кей жерлерде тұман күтіледі.