Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Павлодар облысы әкімінің портреті 700 мың теңгеге сатылды

Павлодар облысы әкімінің портреті 700 мың теңгеге сатылды


Kyzylorda-news.kz. Болат Бақауовтың портреті жаңа жылдық қайырымдылық балында аукционға қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл картина кеше 700 мың теңгеге сатылды, ал 28-30 миллионға сатылды деген жүргізушілердің әзілі болатын», - деп түсініктеме берді ҚазАқпарат тілшісіне Павлодар облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ернар Сейтахмет.
Аукционға қойылған Болат Бақауовтың портреті туралы екі минуттық видео әлеуметтік желілерде тарап кеткен. Онда екі әлеуетті сатып алушы арасындағы негізгі «тартыс» көрсетілген. Ол видео Жаңа жылға арналған қайырымдылық балы кезінде Павлодардың «Ертіс» қонақ үйінде түсірілген. Жазбада он екі миллионнан басталған сауда жазылып қалған. Аукционның қызған кезінде екі жүргізуші тіпті саудаласушылардың сахнаға шығуын өтінген. Ол уақытта аймақ әкімінің портретін сатып алуға үміткерлер қалмаған болатын.
«Бұл картинаны әкімге ауған соғысы ардагерлері сыйлаған болатын», - деп атап өтті Е.Сейтахмет.
Ол жаңа жылдық балдан, оның ішінде аукционнан, шаралардан, осы лотадан түскен барлық қаражат қайырымдылыққа жұмсалатынын айтты.
Жақында ғана Павлодар облысы әкімінің журналистермен кездесуінде Болат Бақауов кіру бағасы 25 000 теңге тұратын бұл шарадан түскен қаржы зағип және көру қабілеті нашар адамдарға көмекке берілетінін айтқан болатын.


26 желтоқсан 2019 ж. 330 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области