Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Енді мұғалімнің ар-намысын таптағандар айыппұл төлеп, түрмеге қамалады

Енді мұғалімнің ар-намысын таптағандар айыппұл төлеп, түрмеге қамалады

Оқушы педагогтың ар-намысын таптап, балағаттаса, ата-анасы 75 мың теңге айыппұл төлейді. Тіпті, түрмеге де қамалуы мүмкін деп хабарлайды  КТК телеарнасы.Мұғалімнің мәртебесін көтеретін жаңа заң жобасы сенатта мақұлданды. Енді президент қол қойған соң, заң күшіне енеді.  
"Мұғалімді балағаттап, құқын бұзғандарға Әкімшілік кодексте арнайы талап қарастырылған. Мұндай әрекеттерге барғандарға ең төмені 30 айлық есептік көрсеткіш, яғни 75 750 теңгеден бастап айыппұл салынады, тіпті әкімшілік қамауға алынады", - дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Шенеуніктердің пайымынша, мұндай шара талай ата-ананы баласын жөнге алуына түрткі болмақ. Сондай-ақ, педагогтың жұмысына негізсіз араласқан, жөнсіз есеп тапсыртқан білім беру мекемелері де жазасыз қалмайды.
Министрдің сөзінше, бұндай дерек дәлелденсе, кінәлілер 50 мыңнан 250 мың теңгеге дейін айыппұл арқаламақ. Жалпы мұғалім мәртебесі туралы заң жобасы алғаш маусым айында ұсынылған еді. Ал заңды жүзеге асыруға 2024 жылға дейін 5,3 триллион теңге қажет.
Еске сала кетсек, күні кеше қазақстандық сенаторлар Қылмыстық кодексті, Қылмыстық іс жүргізу кодексін, сондай-ақ жеке тұлғалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған заң жобасын мақұлдаған еді.
Атап айтқанда, түзетулер кез келген жыныстық қылмыс үшін, оның ішінде балаларға қатысты, сондай-ақ браконьерлік, есірткі айналымы, мас күйінде көлік жүргізу және басқаларына енгізіліп, жаза қатаңдатылады.
Жалпы алғанда, бұл жоба бес кодекске және он бес заңға түзетулер енгізеді.
27 желтоқсан 2019 ж. 271 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области