Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Смартфонды түнгі уақытта зарядтаудың зияны қандай?

Смартфонды түнгі уақытта зарядтаудың зияны қандай?

Kyzylorda-news.kz. Смартфонды түнгі уақытта зарядтаудың зияны белгілі болды. Маманның сөзінше, түні бойы қуат көзінде тұрған телефон аккумуляторының ресурсы жылдам азаяды екен деп жазады Lenta.ru.
Басылымның жазуынша, егер желілік адаптер толық зарядталған гаджетке қосулы қалып қойса, бұл батареяның химиялық құрамының тез өзгеруіне алып келеді. Салдарынан разрядтың қызмет ету мерзіміне де, жылдамдығына да теріс әсер етеді.
BatterieIngenieure компаниясының өкілі Доминик Шульте барлық ірі өндірушілер смартфондарда артық зарядтан қорғау функциясын орнатқанына қарамастан, батареялардың нашарлауы орын алатынын айтады.
Google өкілінің сөзінше, батареяларды өндіру мен оңтайландырудың заманауи технологияларын ескере отырып, бұл тезис ескірген.
"Смартфонның аккумуляторы 100 пайыз зарядқа жеткенде, зарядтау құрылғысы іс жүзінде тоқ беруін тоқтатады", - дейді корпорация өкілі.
Осыған қарамастан, Шульте өндірушілердің пайдаланылмаған гаджетте аккумулятордың зарядын 30-50 пайызға дейін ұстап тұруға кеңес береді.
Оның айтуынша, бұл аккумуляторлардың 100 пайыз зарядтауды "ұнатпайтынын" дәлелдейді.
Айта кетсек, бұған дейін Англияның Манчестер университетінің ғалымдары смартфонның көк сәуледен қорғайтын түнгі режимі ағзаның циркадиялық ырғақтарына кері әсерін тигізетінін мәлімдеген.
04 қаңтар 2020 ж. 208 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области