Қазгидромет: Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады
Kyzylorda-news.kz. Желтоқсанның 31-і күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 31-желтоқсан күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болып, солтүстікте қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, жолдарда көктайғақ болады. Сондай-ақ жел секундына 15-20 жылдамдықпен ұйтқып, екпіні 25 м/с болады.
Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз бұрқасын болуы ықтимал. Желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз көктайғақ болуы ықтимал.
Жамбыл, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлеріңде тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз бірқатар аумақтарда жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.
Алматы облысының кей жерлеріңде тұман, көктайғақ болып, түнде жекелеген аудандарда желдің жылдамдығы 18-23 м/с-қа жетеді.
Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23 м/с болады.
Қарағанды облысының кей жерлеріңде тұман, көктайғақ болуы ықтимал.