Жұлдыздар не дейді?
Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 3 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Тоқты
Бүгін біраз мәселеге тап боласыз. Бірақ оған бола ашу шақырудың қажеті жоқ. Сабырға келіп, бұған дейінгі жетістігіңізге қуана біліңіз.
Торпақ
Бүгін шаршаңқысыз. Сондықтан күш жинаудың жолдарын қарастырып, шаршағаныңызды басуға тырысыңыз. Ол үшін моншаға барғаныңыз жөн.
Егіздер
Уақытыңызды текке кетірмеңіз. Бүгін әр секундыңыз бағалы болмақ. Сонымен қатар қаражат мәселесі оң шешімін таппақ.
Шаян
Барлығы ашуыңызға тиеді. Майда-шүйде жұмыстың өзі сабырыңызды қашырып, сізді шаршататын болады. Сабыр сақтай біліңіз.
Арыстан
Өз ойыңызды ішіңізде сақтаңыз. Өзгелерге ақыл айтып, жек көрінішті болудың қажеті жоқ. Бүгін кездесулерден бас тартыңыз.
Бикеш
Денсаулығыңызға және қалтаңызға абай болыңыз. Туыстарыңызға қатысты жаңалық естисіз. Бұл сізді қуантатын болады.
Таразы
Жүйке жүйеңіз шаршап жүр. Әлсіздік танытып жүрсіз. Кейде өзіңізді керексіз ойлармен шаршатасыз. Өзіңізді аяғаныңыз жөн.
Сарышаян
Сақ болыңыз. Жаныңыздағылар сізді сатып жіберуден тайынбайды. Басшылықтың мақтауы өзіңізге деген сенімді күшейтеді.
Мерген
Бүгінгі күн сіз үшін қысқа болып көрінуі мүмкін. Бірақ күніңіз жемісті болмақ. Сізді мақтан және үлгі тұтатындар көп.
Тауешкі
Өзіңізге қажет емес іспен айналыспаңыз. Сонымен қатар өзіңізді жақсы көре біліңіз. Ұнамсыз тұстарыңызды елден жасыруды доғарыңыз.
Суқұйғыш
Күніңіз сәтті өтеді. Бірақ жеке мәселелерден құтыла алмайсыз. Алайда оларды да дер кезінде шешіп, арқаны кеңге саласыз.
Балықтар
Жан-жағыңызға мұқият болыңыз. Жеке өміріңізге қатысты қызықтардан құр қалмаңыз. Сіз «ұйықтап» жүргенде біраз қызықты жайт орын алады.
Аударған Динара МАХАНОВА