Жұлдыздар не дейді?
Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 27 қазанға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Бүгін жолыңыз болғыш. Ешқандай мүмкіндікті жіберіп алмайсыз. Барынша шарауларыңызды бітіріп алуға тырысыңыз.
Торпақ
Денсаулығыңызды күтіңіз. Себебі ағзаңыз шаршап, әлсіреп жүр. Дәруменге бай тағамдар тұтыныңыз.
Егіздер
Керемет көңіл-күйіңізбен жақындарыңызға қуаныш сыйлайсыз. Достармен кездесуге барасыз.
Шаян
Жан-дүниеңіз ән салып тұр. Күш-жігеріңіз тасып, барлық істі бір өзіңіз атқарасыз. Сізге ешкімнің көмегі қажет емес.
Арыстан
Бүгін орын алатын оқиғалар сізді жұмысыңыздан қалдырады. Күніңізді жоғары деңгейде өткізуге тырысыңыз.
Бикеш
Көптен күткен аялы арманыңыз өзінің орындалуын күтіп жатыр. Арманға қол жеткізу тек өз қолыңызда.
Таразы
Өзіңізді сыйлата біліңіз. Ешкімнің көңіліне қараудың қажеті жоқ. Сондықтан өз дегеніңізді жасағаныңыз жөн.
Сарышаян
Шаршап жүрсіз. Жүйкеңіз сыр беріп жүрген секілді. Аз уақытқа болса да демалыс алыңыз.
Мерген
Сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңыз жақсарады. Бұл жағдай сізді қуантатын болады.
Тауешкі
Бүгін ерекше сезімде боласыз. Жастық шағыңыз еске түсіп, естеліктермен бөлісесіз.
Суқұйғыш
Жақындарыңызбен үнемі байланыста болыңыз. Егер сүйіктіңізбен түсініспестік орын алса, мәселені шешіп алғандарыңыз жөн.
Балықтар
Бүгін ешкімге өз кесіріңізді тигізбеуге тырысыңыз. Сондай-ақ тәкаппарлықты ысырып қойып, қарапайым болуға тырысыңыз.