Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада тұрғындарды мемлекеттік сатып алудан 3 жыл бойы алдап келген алаяқ сотталды

Қызылордада тұрғындарды мемлекеттік сатып алудан 3 жыл бойы алдап келген алаяқ сотталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада 3 жылдан астам уақыт бойы жергілікті тұрғындарды алдап келген әйел сотталды.Ол өзінің «жоспарын» 2016-2019 жылдар аралығында жүзеге асырған. Алаяқ тұрғындарды жұмысқа орналастыру, мемлекеттік сатып алу конкурсынан жеңіп шығуына ықпал жасау, ірі көлемде несие алу секілді жеңілдіктер бойынша көмек көрсететінін айтып, тұрғындардан қомақты қаржы алған.
«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының тұрғыны, 1986 жылы дүниеге келген әйел қолға түсті. Ол кінәсін толығымен мойындады және оның бұрын да сотты болғаны анықталды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағы (бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша іс қозғалды. Қызылорда қаласының №2 сотының үкімі негізінде айыпталушыға 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот оған жәбірленушілерге келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді», - деп мәлім етті Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
05 қаңтар 2020 ж. 268 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области