Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада такси жүргізушілерін тақырға отырғызған Жамбыл облысының тұрғыны сотталды

Қызылордада такси жүргізушілерін тақырға отырғызған Жамбыл облысының тұрғыны сотталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада алаяқтық жолмен адамдардың сеніміне кірген азамат сотталды.
Жамбыл облысының 44 жастағы тұрғыны қызылордалық такси жүргізушісінен 61500 теңге ақшасын алдап алған. Тергеу барысында күдікті жасаған қылмыстық әрекетін толығымен мойындаған. Бұдан бөлек, тергеу кезінде күдіктінің аталған қылмыстан бөлек тағы алаяқтық қылмыс жасағаны анықталып, аталған қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілген. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.
Сот процесінде ол өз кінәсін толығымен мойындап, жәбірленушілерге келтірілген шығынды жартылай өндіріп берді. Күдікті Қызылорда қалалық сотының үкімімен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
15 қазан 2019 ж. 377 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области