Қызылордалық полицейлер алаяқ қылмысын әшкереледі
Қызылорда қаласының 52 жасар тұрғыны жұмысқа орналастырып беремін деген желеумен қала тұрғынынан алаяқтық жолмен қолма-қол 400 000 теңге алдап алады.Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен /алаяқтық/ сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тергеу барысында күдікті қатарында танылған азаматша өзінің жасаған қылмыстық әрекетін толығымен мойындаған.
Сонымен қатар, Қызылорда қалалық Полиция басқарманың тергеушісі полиция лейтенанты Абай Смағұлдың кәсіби біліктілігінің арқасында және заңдық нормаларды дұрыс және сапалы қолдануының нәтижесінде күдікті азаматшаның қылмыстық іс-әрекеті арнайы сот сараптама қорытындыларымен дәлелденді.
Бұдан бөлек, тергеу барысында күдікті азаматшаның бұл қылмыстан бөлек тағы алаяқтық қылмыс жасағаны анықталып, қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілді.
Жасаған алаяқтық іс-әрекет толығымен өз дәлелін тауып, аталған іс айыптау актісімен сотқа жолданып, сот процесінде күдікті азаматша өз кінәсін толығымен мойындап, жәбірленушілерге келтірілген шығынды толық өндіріп беріп, кешірім сұраған.
Сот үкімімен Қазақстан Республикасының 68-бабының 1-бөлігінің талабына сәйкес, жәбірленушілермен медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі