Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жалағаштық 45 жастағы әйел ауылдасын «грантқа түсіремін» деп алдаған

Жалағаштық 45 жастағы әйел ауылдасын «грантқа түсіремін» деп алдаған

Жалағаш ауданының тұрғыны 45 жастағы азаматша алаяқтық жолмен пайда тапқан, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

Алаяқтықпен айналысқан азаматша ауылдасының сеніміне кіріп, жәбірленушінің қызын медициналық колледжге грант бөліміне оқуға түсіріп беремін деп 130 мың теңге ақшасын алдап алған.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.
Тергеу барысында күдікті қатарында азаматша өзінің жасаған қылмыстық әрекетін толығымен мойындаған. Бұдан бөлек, тергеу барысында күдікті азаматшаның бұл қылмыстан бөлек тағы алаяқтық қылмыс жасағаны анықталды.
Күдікті азаматшаның жасаған алаяқтық іс-әрекеті толығымен өз дәлелін тауып, аталған іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Сот процесінде ол өз кінәсін толығымен мойындап, жәбірленушілерге келтірілген шығынды толық өндіріп берді.
Сот үкімімен айыпталушы мен жәбірленуші медиация тәртібімен татуласып, қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды.
28 ақпан 2019 ж. 419 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области