Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада өзін әкімдік қызметкері ретінде таныстырған азамат ұсталды

Қызылордада өзін әкімдік қызметкері ретінде таныстырған азамат ұсталды

Қызылордада өзін әкімдік қызметкері ретінде таныстырған алаяқ қолға түсті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25 жастағы азамат алаяқтық жолмен ұялы телефон арқылы бір мекеме басшысынан 300 мың теңге ақша талап еткен. Одан бөлек, полицияға осы тектес екі азаматтан арыз түскен.
«Полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті азамат анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, жауап алу барысында ол өзінің кінәсін толығымен мойындады» делінген баспасөз хабарламасында.
Қазіргі таңда күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау мақсатында тексеру амалдары жүргізілуде.
27 наурыз 2019 ж. 728 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области