Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Тенгиз-Шевройлға» жұмысқа тұрғызамын деп миллиондаған ақша жымқырған қызылордалық ұсталды

«Тенгиз-Шевройлға» жұмысқа тұрғызамын деп миллиондаған ақша жымқырған қызылордалық ұсталды

Kyzylorda-news.kz. Атырау қаласында орналасқан «Тенгиз-Шевройл» ЖШС-на түрлі мамандықтар бойынша жұмысқа орналастырып беремін деп бірнеше қала тұрғындарын алдап, алаяқтық жолмен ақшаларын иемденген қызылордалық ұсталды.
«Оның жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 3 454 200 тенгені құрады. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының 34 жастағы тұрғыны тұтқындалып, кінәсін толығымен мойындады. Қызылорда қалалық сотының үкімі негізінде айыпталушыға 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сот жәбірленушіге келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді», – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
24 желтоқсан 2019 ж. 326 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области