Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қармақшы ауданындағы жол апатынан 1 адам қайтыс болды

Қармақшы ауданындағы жол апатынан 1 адам қайтыс болды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Иіркөл ауылының тұсындағы «Шымкент-Самара» тасжолының бойында екі жеңіл автокөлік соқтығысты. Оқыс оқиғадан 1 адам қайтыс болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді.
«Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір тиісті сараптамалар тағайындалды», деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Қазір облыс аумағында ауа райы қолайсыз болып тұр.
«Жолдағы көктайғақ барлық жол қозғалыс қатысушылары үшін қауіпті. Осыған орай жол қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолда мұқият болуды ескертеміз», - деді департамент өкілі.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қармақшыда екі жүк көлігі соқтығысып, бір адам көз жұмған болатын.
05 қаңтар 2020 ж. 275 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области