Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада көлік апатынан ерлі-зайыптылар көз жұмды

Қызылордада көлік апатынан ерлі-зайыптылар көз жұмды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада жол-көлік оқиғасынан 2 адам қайтыс болды.Қайғылы оқиға 9 желтоқсан күні таңертең болған. Қызылорда қаласының орталық бөлігіндегі Қорқыт ата және Желтоқсан көшелерінің қиылысында екі көлік соқтығысты.
«Mercedes-Benz» көлігінің иесі қарама қарсы бағытта келе жатқан «Volkswagen» маркалы автокөлікке жол берместен бұрылған. Оқыс оқиға салдарынан екі адам көз жұмды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Кейбір дереккөздерге сүйенсек, қайтыс болған 2 адам ерлі-зайыпты болған. Олар 9 желтоқсан күні таңғы 04:00-де жеңілдікпен медициналық аппаратқа түсуге барған.
10 желтоқсан 2019 ж. 282 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области