Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сенат депутаттары Арал ауданында болды

Сенат депутаттары Арал ауданында болды

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Еламанов Бекмырза, Мұрат Бақтиярұлы және Дана Нұржігіт жұмыс сапарымен Қамыстыбас, Аманөткел және Бөген елді мекендерінде болып, тұрғындармен кездесті. Аталған елді мекендердегі жиындарды аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жүргізіп, депутаттардың ауданға келу мақсатын айтып өтті.Халық қалаулылары кездесу барысында Парламент қабырғасында атқарылған жұмыстар мен қабылданған заңдар жөнінде ауыл тұрғындарын хабардар етіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың 2 қыркүйегінде халыққа арнаған Жолдауын насихаттап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Депутаттар жиында Президент Жолдауындағы әлеуметтік мәселелер, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, атаулы әлеуметтік көмек жүйесіне енгізілген өзгерістер мен мал ұрлығы, зорлық- зомбылық, орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту, ауылшаруашылығы саласы бойынша заңға енгізілген толықтырулар жөнінде кеңінен баяндап өтті.
Сонымен қатар, мұғалімдердің мәртебесін көтеруге негізделіп қабылданған «Педагог мәртебесі» Заңындағы ұстаздардың беделін, материалдық және моральдық жағдайын арттыру мәселелеріне де айрықша тоқталды.
Жиынға қатысқан ауыл тұрғындары өздерін толғандырған өзекті мәселелер жөнінде ұсыныс-пікірлерін білдіріп, сауалдарына тиісті жауап алды.
Сенат депутаттары ауданға жасаған сапарында «Ақлақ» су тоспасы мен «Көкарал» бөгетінде болып, қазіргі жағдайымен танысты.

06 қаңтар 2020 ж. 266 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области