Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ғалымдар ағзаның ракқа қарсы төтеп бере алатын қасиетін ашты

Ғалымдар ағзаның ракқа қарсы төтеп бере алатын қасиетін ашты

Kyzylorda-news.kz. Швейцарияның Базель университетінің ғалымдары ағзадағы иммундық жүйені қатерлі ісік ауруымен күресуді үйретуге болатындығын анықтады, деп хабарлайды Stan.kz.
Жануарларға жүргізілген тәжірибенің нәтижесінде мамандар денедегі белгілі бір антиденелердің жұмысын екінші антиденелердің көмегі арқылы күшейтуге болатынын ашқан көрінеді. Дегенмен зерттеуге қатысқан жануарлардың тек 20 пайызында ғана ілгерінді құбылыстар байқалған.
Зерттеушілердің пайымдауынша, CD40 антиденелері Т-лимфоциттерін синтездей алады екен. Өз кезегінде бұл лимфоциттер ағзадағы обыр дертінің жасушаларына төтеп береді. Т-лимфоциттері немесе Т-киллерлердің жұмысын басқа антиденелермен күшейту арқылы олардың қатерлі ісік жасушаларына ішіне оңай енуіне жол ашылатын көрінеді. Бұл тәжірибенің нәтижесінде жануарлардың денесіндегі ішек қуысы, сүт безі және терінің ракқа шалдыққан жасушаларын азайтуға мүмкіндік табылыпты.
07 қаңтар 2020 ж. 222 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области