Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Семей өңірінде бір күнде 18 тұрғыннан тері рагы анықталды

Семей өңірінде бір күнде 18 тұрғыннан тері рагы анықталды

Kyzylorda-news.kz. Семей өңірінің тұрғындары терінің қатерлі ісігіне тегін тексерілді. Нәтижесінде тек бір күннің ішінде 18 тұрғыннан меланома және тері қатерлі ісігі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семей Ядролық медицина және онкология орталығы мен өңірдің барлық емханаларында ашық есік күні өтті. Қабылдау өңірдің 13 медициналық мекемесінде жүргізілді. Ал Семей қаласында алты емханада ұйымдастырылды. Нәтижесінде 732 тұрғын онколог мамандарға қаралып, тегін кеңес алды.
Бір күнде тексерілуге келген тұрғындардың 18-інен меланома және тері қатерлі ісігі анықталды. 114 адамнан ісік алды ауруларының белгілері мен 251 басқа ауру түрлері тіркелді. Қосымша тексеруден өткен науқастар емделуге жіберілді.
«Жалпы, 2019 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша Семей өңірінде сүт безі қатерлі ісігінен кейін тері қатерлі ісігі екінші орынды тұр. Жыл басынан бері 60 тұрғынға осы диагноз қойылды. Мамандар ауруды ерте кезеңде анықтау үшін тұрғындарды дер кезінде тексерілуге келуге кеңес береді», - делінген Семей Ядролық медицина және онкология орталығы таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, жыл сайын Семейдегі Ядролық медицина және онкология орталығында обыр дертіне шалдыққан шамамен 5 мың адам емделеді. Тағы 42 000 науқасқа консультативтік көмек беріледі.

30 мамыр 2019 ж. 448 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области