Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда өз-өзіне қызмет көрсету орны бар автокөлік жуу орталығы ашылды

Қазалыда өз-өзіне қызмет көрсету орны бар автокөлік жуу орталығы ашылды

Kyzylorda-news.kz. Қазалыда «AQUA SERVICE» атты ерекше көлік жуу орталығы ашылды. Ерекшелігі сол, бұл жерге келушілер«Өз-өзіне қызмет көрсету» орнында өз темір тұлпарларын өздері жуа алады. Ол үшін қажетті жағдайдың барлығы бар.
Аудандағы жас кәсіпкерлердің бірі Еркін Алданазаровтың айтуынша, мұнда келген автокөлік иелері өзінің қаржысына қарай машиналарын тазалайды. Мысалы, олар арнайы орнатылған аппараттан көбіктелген және таза суға тапсырыс бере алады.
Одан бөлек, мұнда қосымша ақылы автокөлік жуатын 3 орын бар. Сондай-ақ, орталықтың қызметін алушы тұтынушыларға арналған күту залы да қарастырылған.
Көлік жуу орталығы Әйтеке би кенті, Қ.Пірімов №96а мекен-жайында орналасқан.
Айта кетейік, заманауи қондырғымен жабдықталған автокөлік жуу орталығы Қазалы ауданында алғаш рет ашылып отыр. Мұндай орталықтар облыс орталығы мен үлкен қалаларда көптеп кездеседі.
08 қаңтар 2020 ж. 303 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области