Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Жалағаш-Жосалы» жолдары стандарттарға сай еместігі анықталды

«Жалағаш-Жосалы» жолдары стандарттарға сай еместігі анықталды

Kyzylorda-news.kz. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК 2019 жылы атқарған жұмысының алғашқы қорытындыларын жариялады.
Мәлім етілгендей, орталық мамандары өткен жылы Қазақстан жолдарында 13 мыңға тарта тексеріс жүргізіп, 5 мыңнан астам әр алуан олқылықты анықтаған.
«2019 жылы орталық Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарындағы жолдардың талапқа сәйкестігі тексерілді. Аталмыш жұмыстардың нәтижесінде жергілікті маңыздағы «Майқайың-Екібастұз» және «Жалағаш-Жосалы» жолдары стандарттарға сай еместігі анықталды», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Ақмола облысына қарасты Қосшы кентінде ұйымдастырылған рейдке қоғам белсенділері, республикалық арнайы мониторингтік топ пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тартылған. Тексеріс барысында түрлі кемшіліктер анықталып, техникалық қадағалау, субмердігерлік және жобалық ұйымдардың мамандарына әкімшілік айыппұл салынды.
Еске салайық, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» ҚР Үкіметі Қаулысының негізінде 2019 жылы 16 «Облжолзертхана» РММ біріктірілуі арқылы құрылған болатын. Орталықты құрудағы мақсат – республикалық маңызы бар жолдардың ғана емес, жергілікті жол желісінің сапасын тексеру, жол активтерін басқару, жол қауіпсіздігі деңгейін мониторингтен өткізу, жаңа технилогиялар мен материалдарды енгізу. Биыл аталмыш кәсіпорын Қазақстан жолдарының сапасын бақылау шараларын күшейте түспек.
09 қаңтар 2020 ж. 221 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области