Украиналық футболшы "Қайсар" сапында
Kyzylorda-news.kz. «Қайсардың» Жерорта теңізіндегі жаттығу жиынына украиналық қорғаушы Ризван Аблитаров қосылды.
Өткен маусымда Атырау сапында доп тепкен ойыншы әзірге қасқырлар қатарында қаралымда болмақ. Соңғы 3 маусымда ел біріншілігінде өнер көрсеткен Ризван отандық жанкүйерлерге етене таныс. 30 жастағы ойыншы өткен жылы премьер лигада 30 ойынға қатысып, 2 гол соқса, Қазақстан кубогында 4 рет алаңға шыққан.