Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Алматы түбіндегі апат: ұшақтың "қара жәшігіндегі" жазбалар оқылды

Алматы түбіндегі апат: ұшақтың "қара жәшігіндегі" жазбалар оқылды

Kyzylorda-news.kz. Мемлекетаралық авиациялық комитет өткен жылдың соңында Алматы түбінде құлаған "Бек Эйр" ұшағының өздігінен жазатын құралындағы жазбаларды оқыды Sputnik Қазақстан.
"Комитеттің ғылыми-техникалық орталығында ұшақтың өздігінен жазатын құралындағы жазбалар оқылды. Барлық ақпарат тергеу комиссиясына берілді. Ақпараттың алдын ала сараптамасы оқиғаның хронологиясы мен апаттың негізгі нұсқасын анықтауға жағдай жасады", - деп жазылған хабарламада.
Тергеуге әуе кемесі жасалған Нидерланд елінің кеңесшілері мен сенімді уәкілдері қатысып отыр.
Айта кетсек, бұған дейін ұшқыштар сөзінің жазбасына сүйеніп, премьер-министр орынбасары Роман Скляр апаттың негізгі себебін атаған болатын. Оның айтуынша, ұшақ сыртына мұздың қатып қалуы – негізгі себеп. Әуе кемесі тұрақта екі тәулік тұрған.
Өздігінен жазатын құралындағы жазбалар Нидерланд елінің сенімді уәкіліне берілді.
"Комиссия шешіміне сәйкес, ұшуды математикалық модельдеу жұмысы басталды. Ол әуе кемесінің апаттық ұшу кезіндегі аэродинамикалық сипаттамасын анықтауға жағдай жасайды. Экипаж әрекеті мен ұшақтың қозғалыс параметрлері зерттеледі", - делінген хабарламада.
Модельдеу жұмысын мемлекетаралық авиациялық комитет сарапшылары Нидерланд, Қазақстан және EASA мамандарымен бірлесе жүргізеді.
Мемлекетаралық авиациялық комитеттің бас директоры Виктор Сороченко ұшақ апатының себебін тергеуге бір жылдан астам уақыт кететінін мәлімдеген болатын.
14 қаңтар 2020 ж. 229 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области