Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тамара Дүйсенова: Қазақстандықтардың кірісі төмен екенін мойындауымыз керек

Тамара Дүйсенова: Қазақстандықтардың кірісі төмен екенін мойындауымыз керек

Kyzylorda-news.kz. Зейнетақы қорына жасалатын салымдардың аздығы - міндеттелген салымдарды төлеуден жалтарудың нәтижесі емес, көптеген қазақстандықтардың кірістерінің төмендігінен. Бұл туралы бұрынғы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының жетекшісі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.
Зейнетақы қорына жасалатын міндеттелген салымдардан жалтару үшін қазақстандықтар шынайы кірістерін көрсетпейді деп болжам жасаған бағдарлама жүргізушісі, белгілі экономист Рахым Ошақбаевқа Тамара Дүйсенова мұның себебі басқада жатқанын айтты.
"Зейнетақы қорындағы жиналған ақшаның аздығы төмен кірістермен байланысты болуы мүмкін. Мұны мойындау керек. Салым жасайтынтардың басым бөлігі ең төменгі жалақы мөлшерінен жасайды", - деді ол.
Зейнетақы қорындағы жинақтарды экс-министр білім алу немесе жылжымайтын мүлік сатып алу үшін пайдалану мүмкін дейді.
"Бірақ бұл жерде ескере кететін жәйт, бұл жылжымайтын мүлік алу үшін арналмаған жинақтар екенін түсіну керек. Зейнетақы қорындағы жинақты Ұлттық қормен салыстыруға болады. Ұлттық қор - барлық елдің стратегиялық ресурсы, ал зейнетақы қорындағы жинақтар - әрбір қазақстандықтың зейнеткерлік жасқа жеткенде пайдалана алатын стратегиялық ресурсы", - деді Дүйсенова.
Ол зейнетақы қорындағы жинақтарды тек әр адамның шотында қартайған шағын қамтамасыз ететін сома жиналғанда ғана пайдалану мүмкін екенін айтты.
14 қаңтар 2020 ж. 237 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области