Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Атышулы істің соңғы нүктесі қойылды: Қыздың басын кескен қармақшылық жігіттің психологиялық ауытқуы бар болып шықты

Атышулы істің соңғы нүктесі қойылды: Қыздың басын кескен қармақшылық жігіттің психологиялық ауытқуы бар болып шықты

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының прокуратурасы 2019 жылдың 10 қазанында болған оқиғаға кім кінәлі екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Еске сала кетсек, 10 қазан күні жергілікті полицияға Тасбөгет елдімекеніндегі өзен бөгетінде қыздың денесі табылғаны туралы хабар түскен. Қыздың басы кесілген.
Полицейлер бұған өздері көз жеткізді. Көлікте жараланған ер адам табылды. Жанында қыздың денесі болған. Жақын маңда тәртіп сақшылары қыздың басын тапты.
Жігіт ауруханаға жеткізіліп, аман қалды. Қыз да, жігіт те 1990 жылы Қармақшы ауданындағы Жаңажол ауылында туған. Трагедия болған кезде екеуі де Қызылордада жұмыс істеген. Қыз Тасбөгетте туыстарында тұрған.
Оқиғаны тергеуді Қызылорда облысының прокуратурасы бақылауға алды. Құқық қорғау органының қызметкерлері жаралы табылған жігітті де күдікті ретінде қарастырды. Соңында танысын сол жігіт өлтіргені анықталды.
«Жігіт көлікте қызға бірнеше рет пышақ сұғып, басын кесіп тастады», - деп хабарлады Қызылорда облысының прокуратурасы.
Daewoo Nexia көлігі жігіттікі болған. Қызды өлтірген соң ол өзін өзі жаралаған. Жігіт ауруханадан шыққан соң қамауға алынды.
Психиатр қаскөйдің психологиялық ауытқуы бар екенін дәлелдеді.
«Сот-психиатриялық сараптама қорытындысына сәйкес, күдіктіге «белгісіз шизофрения» диагнозы қойылды», - деді прокурорлар.
Қазіргі таңда қылмыстық іс Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілген.
16 қаңтар 2020 ж. 243 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области