Білім беру ұйымдарында адалдық сағаты өтті
Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен білім басқармасы бірлесіп, облыс бойынша барлық орта білім беру мекемелерінде «Адалдық сағаттары» республикалық акциясын ұйымдастырды.
Аталған акцияға, облыс әкімінің орынбасары Н.Байқадамов, департамент басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов, департамент қызметкерлері мен ақпараттық-ағартушылық штабының өкілдері, «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңесінің мүшелері, «Nur Otan» партиясының облыстық филиалының, арнайы мониторингтік топтың және үкіметтік емес ұйымдарының, ардагерлер алқасының, әкелер кеңесінің, жастар ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ басқа да қоғам белсенділері қатыстырылды.

Адалдық сабақтары облыстағы 276 орта білім беру ұйымдарында өткізіліп, жалпы 18500 оқушы қатысты.
Сабақ барысында оқушыларды өмірде жетістікке жету үшін адал еңбек етудің маңыздылығын түсіндіріп, қоғамда ұмытылып бара жатқан тәрбиелік маңызы бар құндылықтарды сақтауға шақырды.
Сонымен қатар, «Ақмешіт –Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жанынан жалпы білім беретін мектептер мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарында 2019-2020 оқу жылы қарсаңында Парасаттылық мектептері құрылғанын, оның негізгі мақсаттарын түсіндіріп, алдағы уақытта осындай сабақтар әлі де ұйымдастырылатынын жеткізді.

