Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда қаласының әкімі 200 тұрғынды қабылдады

Қызылорда қаласының әкімі 200 тұрғынды қабылдады

Kyzylorda-news.kz. Қызылордадағы «Құқық қорғау қызметтері орталығында» өткен қоғамдық қабылдауға 200-ге жуық қала тұрғыны келіп, өздерін толғандырып жүрген өзекті мәселелері мен өтініш-тілектерін жеткізді.Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тұрғындар тарапынан көтерілген ұсыныс-пікірлер мен мәселелерді мүмкіндігіне қарай дер кезінде шешілуіне ықпал жасаса, кейбір уақыт қажет ететін мәселерді толық зерделеп, заңдылығы бойынша орындау үшін тиісті сала басшыларына тапсырма берді.
Бұл қабылдауға мәселелерінен бөлек, алғысын айта келген тұрғындар да жеткілікті болды.
Солардың ішінде, 2006 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрған Гүлжан Серікбаева есімді қала тұрғыны баспана мәселесінің шешімін тапқанына риясыз алғысын білдірді. Сонымен қатар Диана Смағұлова мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандырып жүрген қала басшылығына рақметін айту үшін арнайы келген.
Жалпы, соңғы 2 жыл көлемінде әр айдың соңғы бейсенбісі күні осы орталықта тұрақты түрде қоғамдық қабылдау ұйымдастыру дәстүрге айналған.
Айта кету керек, «Ашық әкімдік» жобасы аясында қала әкімі «Құқық қорғау қызметтері орталығынан» бөлек, апта сайын бекітілген кестеге сәйкес және күнделікті қажеттілігіне қарай қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырып отырады.

21 қаңтар 2020 ж. 246 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области