Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда 11 133 адамға не үшін іздеу жарияланған?

Қазақстанда 11 133 адамға не үшін іздеу жарияланған?

Kyzylorda-news.kz. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің хабарлауынша, хабар-ошарсыз жоғалған 2 247 адам іздестірілуде.
«Қазіргі уақытта 11 133 адамға іздеу салынған, оның 2 247-сі хабар-ошарсыз жоғалғандар. Хабар-ошарсыз жоғалғандар Алматы қаласы (328), Шығыс Қазақстан (221), Алматы (309) және Қарағанды облыстарында (221). 30-49 жас аралығында әртүрлі жағдайлармен көбінесе, ер адамдар (76%) жоғалады», - делінген ресми хабарламада.
Комитеттің мәліметінше, үйінен кетіп оралмағандар – 1723, автокөлікпен жоғалғандар – 74, жұмыстан соң жоғалып кеткендер – 36.
«Сонымен бірге, елімізде тергеуден және соттан жасырынған 2 453 адамға, яғни ең көбі алаяқтық (451), ұрлық жасау (270) және кісі өлтіргені (166) үшін Алматы қаласы (463), Алматы (245) және Шығыс Қазақстан облыстарында (203) іздеу салынған. Олар негізінен 31-40 жас аралығындағы ер адамдар (89%)»,- делінген комитет ақпаратында.
Еске сала кетейік, Қазақстанда жоғалған азаматтарды құзырлы органдар бірлесіп іздейді.

21 қаңтар 2020 ж. 256 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области