Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қармақшы ауданы әкімінің есебі басталды

Қармақшы ауданы әкімінің есебі басталды

Kyzylorda-news.kz. Кеше Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбековтың шалғай елді мекендерде халық алдындағы есеп беру кездесуі өтті.Алғашқы есеп беру кездесуі Кеңес Одағының батырының есімімен аталған Тәйімбет Көмекбаев ауылдық округінде басталды.
Бұл ауылдық округ Жосалы кентінен 120 шақырым қашықтықта орналасқан.
Жиын барысында алғашқы сөзді ауылдық округ әкімі Ғалымжан Ақжігітов алып, 2019 жылы атқарылған жұмыстарды талдап айтып өтті.
Ауылдық округте қазіргі таңда мектеп, балабақшамен толық қамтылған. Ауыз су мәселесі түбегейлі шешілген.
Ауылдық округ тұрғындарына 2019 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттері туралы халық алдындағы есебі туралы аудан әкімі Мұса Қалдарбеков баяндады.
Өткен жылы Көмекбаев ауылдық округі бойынша Қуаңбаев көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, №185 орта мектептің бу қазандығын сұйылтылған газге ауыстыру жұмыстарына аудандық бюджеттен 23,1 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталды.
Алдағы жылы ауылдық округте нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру, өндіріс пен қызмет көрсету бағытында кәсіпкерлік жобаларды іске асыру міндеті жүктеліп отыр.
Кездесу соңында тұрғындар тарапынан сауалдар қойылып, аудан басшысынан тұщымды жауаптарын алды.
Темір жолдан шалғай жатқан Қуаңдария ауылдық округінің халқының барлық тұрмыс-тіршілігі төрт түлік малға тәуелді.
Соған қарамастан ауылда соңғы жылдары ауыл тұрмысы дамудың даңғыл жолында келеді.
Аудан әкімі Мұса Қалдарбековтың ауыл тұрғындарының алдында берген есебінде ел игілігі үшін атқарылған жұмыстар айқын аңғарылады.
Жаңа мектеп ғимаратында өткен кездесуде аудан басшысы 2019 жылғы әлеуметтік-эко¬номи¬калық даму қорытынды¬лары және 2020 жылғы міндеттер тура-лы баян¬дады.
Бір жыл ішінде ат¬қа¬рыл¬ған істерді саралай келе, Мұса Оспанұлы жүзеге асқан ша-руବларға қысқаша тоқталып, алдағы күн¬дердің еншісіндегі жұмыстарды тарқатып берді.
Өткен жылы «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы шеңберінде «Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылай қолдау» басымдығы бойынша 98,7 млн теңге бағытталды. Осы ретте Қуандария ауылдық округі бойынша Е.Шөкеев, Ә.Төртбаев, Болашақ көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу ұйымдастырылды.
Кәсіпкерлікті дамыту бағытында «Олжа» шаруа қожалығы 120 бас қазақтың ақ бас сиырларын алуға несие рәсімдеуге құжаттарын толық өткізіп, қазіргі таңда шешімін тапты.
Аудан басшысы өзге де оң өзгерістер туралы баян етті. Есепті кездесуге келген ауыл тұрғындары аудан басшысы тарапынан атқарылып жатырған игі істерге ризашылықтарын білдірді.
Алдашбай ахун ауылдық округінің халықы да осы сәтті асыға күтетіндей.
Өйткені, қордаланған әлеуметтік мәселелердің түйінін тарқататынын, алдағы жылғы елді-мекендегі атқарылатын жұмыстарды саралайтын кезең болып табылады. Бүгінгі Алдашбай Ахун елді – мекенінің тұрғындарымен кездесуде аудан әкімі Мұса Қалдарбеков жыл бойы атқарған жұмысына есеп берді.
Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерді бұлжытпай орындау, ха¬лық¬тың әлеу¬меттік-тұрмыстық жағ¬¬дайын көтеру, шағын және орта кәсіп¬керлікті қолдау, білім беру мен денсаулық сақтау, ауыл шаруବшы¬лығы, өнеркәсіп, тағы басқа сала-лар¬ды дамыту бойынша айтарлық¬тай жұмыс атқарылғанын талдап айтып өтті.
Жалпы, тұрғындармен кездесуде бір жылдағы жетістік пен әлі де орайын келтіретін мәсе¬лелердің аражігі айқындалды.
Аудан басшысының халықпен есеп беру кездесуінде Алдашбай Ахун ауылдық округінің тұрғындары да өздерінің сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.
Халықтың өмір сүру сапасын қамтамасыз ету мақсатында атқарылатын шаралар мен әлеуметтік мәселелер кезең - кезеңімен шешімін табатын болады.


22 қаңтар 2020 ж. 313 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области