БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА АУЫЛДЫҚТАР КӘСІП АШТЫ
Әкімдердің ел алдындағы есеп беру жиыны Шиелі ауданындағы Алмалы ауылдық округінде де өтті. Жиында аудан әкімі Әшім Оразбекұлы мен ауылдық округ бьасшысы Болат Тұрматұлының есебі тыңдалды.
Екі мыңнан астам тұрғыны бар ауылда соңғы жылдары мал шаруашылығын дамытуға баса мән берілуде.
Былтыр ауылдың екі тұрғыны «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында «Наурыз – Дем» несие серіктестігінен осы мақсатта 5 млн. 500 мың теңгеден несие алып, өз алдарына кәсіп ашты. Тағы бір азамат 2 млн. 500 мың теңге несиеге қол жеткізіп, мал өсіріп жатыр.
Есепте аудан мен ауылда былтырғы жыл атқарылған жұмыстармен танысқан тұрғындар әкімдерге ұсыныс-пікірлерін жеткізіп, сауалдарын қойды.