ЖҮЙЕЛІ ІСКЕ ЖҰРТ РИЗА
Әкімдердің ел алдындағы есебі жалғасуда. Шиелі ауданы Жиделіарық ауылдық округінің әкімі Д. Шәкіровтің есебінде жыл бойында атқарылған жұмыстар баяндалып, алдағы бастамаларға бағдар жасалды.
Бүгінде ауылдық округте 156 отбасы тұрады. Өткен жылы елдімекендегі 5 шаруа қожалығы біріктіріліп, «Керемет» атты кооператив құрылды. Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы ауыл тұрғыны Мырзабек Исаев 17 бас сиыр сатып алып, мал бордақылау жұмыстарымен айналысуда. Сондай-ақ, Рахия Мырзабаева 1,5 млн. теңге, Ерназ Ақпамбетов 2 млн. теңге қаржы алып, осы түлік түрін көбейтуде.
2017 жылы 50 орындық 2 топтық «Жанель» атты жеке балабақша ашылып, халыққа қызмет көрсетуде.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» 2017-2021 жылдарға арналған бағдарлама аясында ауылдың 3 тұрғыны курстан өтіп, кәсіптерін бастады.