Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АУЫЛДА КӘСІП ИЕЛЕРІ КӨБЕЙДІ

АУЫЛДА КӘСІП ИЕЛЕРІ КӨБЕЙДІ


    Әкімдердің халық алдындағы есебінде өткен жыл қорытындыланып, алдағы жоба-жоспарлар сарапқа салынуда.
    Шиелі ауданындағы Төңкеріс ауылдық округіне қарасты Ш.Қодаманов елді мекенінде ауылдық округ әкімі Мұрат Әшірбеков есеп беріп, тұрғындардың ұсыныс-пікірі тыңдалды.
    Өткен жылы ауылдық округте күріш, көкөніс, картоп, жаңа жоңышқа, мақсары мен бидай егіліп, одан жоғары өнім алынды.
    Ауылдағы төрт түлік те жыл санап көбейіп келеді. Сонымен қатар, мұнда 17 сауда нүктесі, 1 күріш ақтау диірмені, заманауи 40 орындық монша тұрғындарға қызмет көрсетеді. Ауылдық округ бойынша былтыр 22 кәсіпкер тіркеліп, олардың саны 70-ке жетті.
    «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» 2017-2021 жылдарға арналған бағдарлама аясында 2017 жылы «Бәйтерек Агро» кооперативінің құрамына ауылдағы 21 жұмыссыз азамат мүшеліке кіріп, 40 млн 800 мың теңге көлемінде несие алды.
    «Нұрислам» шаруа қожалығының төрағасы Ерлан Райсов Өңірлік Инвестициялау орталығынан мал шаруашылығын дамыту мақсатында 10 млн теңге көлемінде несие алды.

18 қаңтар 2018 ж. 1 099 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области