Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тегін дәрілер неге емханаларға жетпейді?

Тегін дәрілер неге емханаларға жетпейді?

Kyzylorda-news.kz. «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп тегін дәрілердің емханаларға жетпей қалып жатқан жағдайына қатысты түсінік берді. Еске салайық, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар емханаларға тегін жеткізілуі тиіс. Алайда бұған қатысты шағымдар да баршылық, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әрине, өңірлерде кейбір кезде жоспарлау тұрғысынан мәселе туындайды. Байланыс орталығының пайда болуының ең бірінші себебі де осы. Осылайша, азаматтармен тікелей жұмыс жүргізуді жолға қойдық. Кейбір жағдайда медициналық мекемелерде дәрі-дәрмектер бітіп қалады. Кейбір медициналық мекеме керекті дәрі-дәрмек үшін өтінімді дұрыс бермей жатады. Сондықтан, әрбір азаматтың байланыс орталығына (1439 нөмірі) хабарласуына мүмкіндігі бар», - деді Берік Шәріп Парламент Сенатының депутаттарымен кездесу барысында.
Оның айтуынша, мамандар әр шағымды жеке қарастырып, мәселені шешуге тырысады.
«Әрбір шағым бойынша медициналық мекемемен тікелей хабарласамыз. Әр өңірде өзіміздің дәрі-дәрмек сақтайтын қоймамыз бар. Сол қоймадан дәрі-дәрмек жібереміз. Яғни, шағым түскен өңірдегі медициналық мекемеге 2-3 күннің ішінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жібере аламыз. Одан бөлек сирек кездесетін дәрі-дәрмекке арналған республикада төрт қоймамыз – Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан мен Ақтөбеде бар. Осы фармацевтикалық төрт хабтағы дәрі-дәрмекке байланысты арыз болса, тиісті дәріні 5-7 күнде жеткізе аламыз», - деді ол.
Берік Шәріптің сөзіне сенсек, «СК-Фармация» ЖШС-ның веб-сайтында дәрілік заттардың емханалардағы мөлшерін көруге болады. Яғни, әр науқас өз дертіне қарай қандай дәрі-дәрмекті алып отыр – сол дәрінің атауын веб-сайтқа енгізіп, қалғанын немесе қалмағанын көріп отыра алады.
22 қаңтар 2020 ж. 299 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области