Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордаға сирек кездесетін дала үкісі қайдан келген?

Қызылордаға сирек кездесетін дала үкісі қайдан келген?

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада психиатриялық денсаулық орталығы ауласынан Қазақстанда сирек кездесетін дала үкісі табылды. Мамандардың айтуынша, құстың бұл түрі Сыр өңірінде мекен етпейді екен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Облыстық психиатриялық денсаулық орталығында қызмет атқаратын Бақыткүл Қарғабаева жұмыс орнының ауласынан дала үкісін көреді. Оны дереу құсты жылы жерге әкеліп, дереу тиісті орындарға хабарлаған. Мамандар дала үкісінің «Қызыл кітапқа» енгенін айтады.
Мамандар аталған мекенжайға барып, құстың қауіпсіздігін көрді. Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының және ветеринариялық мекеме мамандары келіп, құстың жағдайын тексерді. Тексеру барысында дене жарақаты мен ауру белгілері анықталған жоқ. Құс уақытша Қызылорда орман шаруашылығы және жануарларды қорғау мемлекеттік мекемесінің мамандарына тапсырылды.
«Үкі – жапалақтардың ішіндегі ең ірісі. Негізінен орманды мекендеп, жемін көбіне түнде аулайтын жыртқыш құс. Ұшқанда дыбыссыз қанат қағады. Ол бізде тундрадан басқа жердің барлығында кездеседі. Ұяларын жерге, жартастарға, кейде ағаштарға салады. Жер жағдайына және жыл маусымына қарай қоректерінің түрлері өзгеріп тұрады. Жаз кезінде қояндармен, қосаяқтармен және кірпілермен қоректенсе, қыс мезгілдерінде майда құстармен азықтанады. Қазіргі таңда Қызыл кітапқа енген, сирек кездесетін құстардың санатында», - дейді Қызылорда орман шаруашылығы және жануарларды қорғау мемлекеттік мекемесінің мамандары.
24 қаңтар 2020 ж. 270 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области