Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тараздағы қонақ үй маңынан сирек кездесетін әупілдек құтқарылды

Тараздағы қонақ үй маңынан сирек кездесетін әупілдек құтқарылды


Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекциясының қызметкерлері Әупілдекті құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тараз қаласындағы «Феникс» қонақ үйінің ауласына келіп қонған белгісіз құс туралы алғашқы ақпаратты қонақ үйдің қожайыны А.Маралова ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметовке жеткізген.
Осы хабар бойынша Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы бөлімінің мамандары Жанна Дүйсенбаева, Сұлтан Мінтұрғанов және Тараз қалалық инспекциясының бас маманы Айдар Сүгірбаев сол маңға шұғыл жетеді.

Ол құстың сирек кездесетін үлкен әупілдек екенін анықтайды. Тараз әкімдігіне қарасты ветеринарлық қызметінің (шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын) ветеринары клиникалық тексеруден өткізіп, жабайы құста жұқпалы ауру белгілері жоқ екендігіне көз жеткізеді.
«Құстың қанаттары, аяқтары сау және құстың өз бетінше ұша алатындығы туралы анықтама дайындалып, үлкен әупілдек табиғат ортасына еркіндікке жіберілді. Бір қызығы бұл құс Ресей мемлекетінің Қызыл кітабына енген. Қазақстанда бұл құс сирек кездеседі. Көбісі біздің еліміз арқылы ұшып өтеді», - дейді Сұлтан Мінтұрғанов.


20 қараша 2018 ж. 899 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области