Қазақстанда биыл 90 млн тонна мұнай өндіру жоспарлануда
Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда биыл 90 млн тонна мұнай өндіру көзделіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2020 жылы отын-энергетикалық ресурстарды өңдеу көлемін барынша арттыруға басымдық беріледі», - деді Асқар Мамин бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Премьер-Министрдің айтуынша, биыл 90 млн тонна мұнай мен 56,3 млрд куб газ өндіру жоспарланған.
«Жалпы, отын-энергетика саласындағы инвестициялық жобалардың құны 2 трлн теңгені құрайды», - деді ол.